Жаңажер қаласында мобильді сөреге ие кабинеті бар алғашқы мұрағат ғимараты пайдалануға берілді

    Ел назарында 27 Dekabr 2021 2308

    Бүгінде Сырдария облысы мұрағат ісі аумақтық басқармасы жүйесіне 6 мемлекеттік мұрағат бар, оларда жалпы 550 мыңнан астам құжат сақталады.

    Хавас, Мирзаабад ауданы және Жаңажер, Ширин қалаларының мұрағат құжаттарын сақтауда қызмет көрсететін Жаңажер мемлекеттік мұрағатының жаңа ғимараты қысқа мерзімде салынып, пайдалануға тапсырылды.

    Жаңажер мемлекеттік мұрағатында жоғарыда аталған аймақтардың әлеуметтік, ғылыми-техникалық және экономикалық тарихын көрсететін 100 мыңнан астам құжаттар сақталуда. Олардың ең көнесі 1917 жылға қатысты. Заманалық және техникалық жағынан толық жөндеуден өткен мұрағат ғимараты бұрынғысынан екі есе артық, яғни 200 мың құжат сыйымдылығына ие. Ғимарат облыста бірегей құжаттарды сапалы әрі ұзақ сақтауға арналған заманалық «Мобильді» сөрелермен және қажетті құрал-жабдықтармен, компьютерлік техникамен, интернет , сондай-ақ бақылау камераларымен жабдықталған.

    Нысанның ашылу салтанатында құрметті Президентіміз басшылығында жүргізіліп жатқан реформалар мұрағат ісі жүйесінде де өз көрінісін тауып, бұл азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ететіні және саланың тиімділігін арттырып, мұрағаттық құжаттарды болашақ ұрпаққа жеткізу маңызды екені атап өтілді.

    – Мұрағаттар халқымыздың өмірінде маңызды орын алады, – деді Өзбекстан Республикасы «Ўзархив» агенттігінің директоры Улугбек Юсупов. – Тарихымызды зерттеп білмейінше, жаңаша өмір сүру, өмір салтымызды өзгерту, заман ағымына, ұлы бабаларымызға сай ұрпақ тәрбиелеу қиын.

    Мұрағат ғимаратында облысымыздың, атап айтқанда Жаңажер қаласы тарихының мұражайы ұйымдастырылды.

    Сырдария облысы мұрағат ісі аумақтық басқармасының баспасөз қызметі.