Бұл жоба Өзбекстан үкіметі мен Қытайдың “Yangling Modern Agriculture International Cooperation Group Co., Ltd” компаниясының ынтымақтастығындажүзеге асырылуда.
Оның мақсаты – заманауи агротехнологияларды, ғылым мен өндірісті бірлестіретін озық агроөнеркәсіптік орталық құру.
116,5 гектар аумақта өнеркәсіптік және демонстрациялық алаңдар, дрондар мен роботты технологияларды сынау орталықтары, «ақылды суару» жүйелері, 3D егу зертханалары және суық тізбекті логистикалық инфрақұрылым салынады.
Сондай-ақ Қытай, Жапония, Италия елдерінің тәжірибесі негізінде Өзбекстан ғалымдарымен бірлесіп жаңа мақта, бидай, күріш, жүгері, жүзімнің жаңа сұрыптары жасалатын болады. 500 гектар жерге қызанақ, жаңғақ, кептірілген жемістер өсіріліп, қайта өңделсе, 5 мың гектар жерге қатты бидай егіп, дайын өнім шығару жоспарлануда.
Осының нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, экспорттық әлеует артып, Өзбекстанның ауыл шаруашылығы ғылым, технология және өндіріс интеграциясының жаңа басқышына қадам басады.