Кездесуде өзара ынтымақтастықты орнату және дамыту мәселелері талқыланды.
Алексей Хен бүгінде Цифрлық даму департаменті тарапынан жүзеге асырып жатқан жобалар туралы ақпарат берді.
Teikoku компаниясының директоры Юичи Нишизоно Ташкент қаласында цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларына қатысуға үлкен қызығушылық танытты. Олар қолданып жүрген инновациялық шешімдердің де пайдасын тигізетінін айта келе, 3D жоғары анықтықтағы камерасының (IMS3) мүмкіндіктерін көрсетіп, оны іс жүзінде қолдану бойынша мамандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Компания мамандары үлгі ретінде 20 шақырымдық жолды 360 дәреже өлшемде түсіріп, жолдар мен нысандар, олардағы сыртқы жарнама құралдары, жол белгілерінің нақты өлшемдері сондай-ақ жолдардың жөндеуге келіп қалған нүктелерін белгілеу мүмкіндігін көрсетіп береді. Мұндай қызмет “Цифрлы Ташкент” аясындағы жобалар, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жақсарту және дамыту істерінде пайдалы екенін айтып өтті, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.