Президент жасыл аумақтарды кеңейту бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 18 Noyabr 2022 5497

    Президент Шавкат Мирзияев жалпыұлттық «Жасыл кеңістік» жобасын іске асыруды тиімді ұйымдастыру, орман шаруашылығын басқаруды оңтайландыру бойынша ұсыныста таныстырылымына қатысты.

    Ағаш-тоғайлар – таза ауамен қамтамасыз етіп, елге көрік беретін байлық. Осындай аумақтарды ұлғайту мақсатында өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Жасыл кеңістік» ұлттық жобасы жарияланған болатын. Оның аясында жыл сайын 200 миллион түп ағаш пен көшет отырғызу туралы шешім қабылданды. Өзбекстанда жасыл желектерді қазіргі 8 пайыздан 30 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған.

    Өткен қысқа мерзімде Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарда 535 гектар плантация, 638 гектар «жасыл қоғамдық саябақтар» құрылды. Мемлекеттік орман шаруашылығы комитетінде «Жасыл аумақ» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны құрылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

    Республикадағы экологиялық жағдайды және атқарылған жұмыстарды талдау бұл қозғалысты одан әрі кеңейту қажеттігін көрсетеді. Атап айтқанда, атмосфералық ауа әртүрлі химиялық заттар және ауыр металдармен ластанған. Көшеттерді отырғызу және күтіп-баптау барысында Орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің міндеттері әкімдермен нақты бөлінбеген.

    Сондықтан бұл іс-шараларға бірден-бір жауапты ұйым ретінде Орман шаруашылығы мемлекеттік комитетін белгілеу ұсынылады. «Жасыл бақтарды» және «Жасыл қоғамдық саябақтарды» құру, ағаштарды күтіп-баптау және оларды 3 жыл бойы күтімін жасау «Жасыл аймақ» кәсіпорны жүзеге асырады деп жоспарлануда.

    Сондай-ақ, ағаш отырғызу үшін жер телімдерін белгілеу және жобалау, көшет дайындау кәсіпорындарын көбейту, суды үнемдейтін технологияларды енгізу, орман шаруашылығына арнайы техника сатып алу шаралары қарастырылған.

    Президент Шавкат Мирзияев бұл жұмыстардың елдің экологиясы мен халықтың денсаулығы үшін маңыздылығын атап өтіп, шараларды одан әрі жетілдіру міндетін тапсырды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates