Атап айтқанда, халық депутаттары Хорезм облыстық кеңесінде ботаника және экология саласында қызмет ететін ғалымдардың, сала мамандарының және депутаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараға Парламент Олий Мажлис Сенатының Аграр және су шаруашылығы комитетінің төрағасы Баходир Тажиев те қатысты.

Онда биылғы жылы Президент Шавкат Мирзияевтың төрағалығымен қалдықтармен істеу жүйесі мен экологиялық жағдайды жақсартудың өзекті мәселелері, «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға арналған бейнеконференцияда қойылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Облыста Ботаника бағының филиалын ұйымдастыру, топырақ-климаттық жағдайына сәйкес облыстың қалалары мен аудандарында ағаш отырғызу бойынша мамандардың ұсыныстарын әзірлеу, «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобаның орындалуы талқыланды.

  • Жалпыұлттық «Жасыл мекен» жобасы бірнеше жыл бойы жүзеге асырылады, – деді Б. Тажиев. Бұл шара 1 мартта басталып, оның аясында алдағы жылдары Хорезм облысында осы аумақтың климатына сәйкес мыңдаған көшет отырғызу жоспарлануда.

Бұл жерде бәріміз белсенділік танытып, отырғызылған көшеттерге қамқорлық жасауымыз керек, өйткені ертең біз, біздің балаларымыз осы жасыл алаңда өмір сүретін боламыз.

Сондай-ақ шарада Олий Мажлис Сенатының жиырма үшінші жалпы отырысында мақұлданған заңдар мен басқа да қаралған мәселелер талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.