«Жасыл мекенге» айналып келе жатқан Шірін қаласы

    Жасыл планета 17 Noyabr 2021 3023

    Сырдария ауданындағы Шірін қаласының іргесіндегі тың жерлерде көгалдандыру жұмыстары басталды.

    Жүзеге асырылып жатқан «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы аясында Шірін қаласын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында Баяуыт және Хавас аудандарына іргелес жатқан жол бойындағы тың жерлерге, сондай-ақ Ташкент облысының Бекабад қаласымен тұтасқан жерлерге жеміс-жидек, сәндік шыршалар және павловния ағашының көшеттері отырғызылуда.

    Бұл жерде, әрине, ағаш көшеттерін көбейту маңызды. Шірін қаласында мұндай мақсатты жұмыстар жолға қойылған. 2020 жылдың март айында барлығы 22 мыңнан астам сәндік шырша, сондай-ақ ең тез өсетін павловния ағашының 5 мыңнан астам қаламшалары биыл май айында жерге егілген.

    Бүгінде жас шыбықтар көгеріп, шырша мен павловния көшеттері отырғызылуға дайын.

    Қаланың Мырза Ұлықбек махалласындағы жол жиегіндегі жер көп жылдан бері қараусыз қалған. «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы негізінде осы аумақ көшет егуге дайындалып, павловния және сәндік шырша көшеттері отырғызылды

    Аумақтарға жалпы 11 мың 300 жеміс-жидек және сәндік ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған, бүгінгі таңда жалпы 9 мың 300 көшет отырғызылды. Атап айтқанда, 3500-ге жуық жеміс-жидек, мыңнан астам терек, мыңға жуық гүл көшеттері, Жапон сафорасы, мыңға жуық Қырым қарағайы, павловния, 500-ден астам шаған (ясень) ағаштарының көшеттері отырғызылды.

    Сондай-ақ, бұдан тыс қайрағаш, акация, жиде, Виргиния шыршасы және басқа да түрдегі көшеттер әкелініп, отырғызылуда.

    Шірін қаласы әкімдігінің ақпараттық қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates