Президент жайылымдық жерлерді қорғау және оларды тиімді пайдалану бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 16 Fevral 2023 4952

    Президент Шавкат Мирзияев жайылымдық жерлерді қорғау және оларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстардың таныстырылымына қатысты.

    2023 жылдың 23 қаңтарында ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған жиында осындай тапсырма берілген еді.

    Өзбекстанда мал шаруашылығы, жібек шаруашылығы, омарта шаруашылығы сияқты көптеген салалар үшін маңызды ресурс болып табылатын 21 миллион гектардан астам жайылымдық жер бар. Бірақ оларды пайдаланудың қазіргі тәртібі жайылымдағы кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуды шектейді.

    Сондықтан «Жайылымдар туралы» заң жобасын жаңа редакцияда және жайылымдық аумақтарды жалға беру тәртібін әзірлеу ұсынылды.

    Бұл көптеген экономикалық жобаларға жол ашады. Атап айтқанда, Испания және Португалия елдерінің жетекші компанияларының қатысуында халықаралық қаржы институттарынан тартылған 7 миллион 800 мың доллар грант көмегімен 4 жоба қалыптастырылған. Оның ішінде Қашқадария және Самарқанд облыстарында мал азығын өндіретін кәсіпорындар, малдың генетикалық зерттеу лабораториясы, ұсақ мүйізді қараны цифрлық идентификациялау жұмыстары солар қатарында. Сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының гранттары есебінен күн көзінен баламалы энергияны пайдалана отырып, 500 гектар жайылымға құдық суын және тамшылатып суару технологиясын енгізу жоспарланған.

    Сасыр өсімдігінің жайылымда жақсы өсетіні белгілі, ол Қызыл кітапқа енгізілген. Бірақ көп жерлерде оның табиғи көбеюі мен қалпына келтірілуі бұзылуда. 2019 жылы табиғи сасыр жайлаулары 33 мың гектарды құраса, 2021 жылға қарай олар екі есеге жуық қысқарған.

    Сондықтан сасырдың әрбір түбіне келтірілген зиян үшін айыппұл көлемін ұлғайту, қызыл кітапқа енген тәжік сасырын пайдалануға 3 жылға мораторий енгізу ұсынылуда.

    Мемлекет басшысы бұл жоспарларды бекітіп, олардың орындалуын тиімді ұйымдастыру жөнінде қосымша тапсырмалар берді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates