EUROUZ Өзбекстанға ірі IT-компанияларды тартуда ынтымақтық жасайды

    Үстіміздегі жылдың 18 июлінде Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Еуропа-Өзбекстан экономикалық ынтымақтастық қауымдастығының (EUROUZ) Бас хатшысы Ойбек Шайховпен кездесу өткізді.

    Кездесуде АКТ саласындағы өзара ынтымақтастық жасау , Еуропа-Өзбекстан экономикалық ынтымақтастық қауымдастығы (EUROUZ) арқылы Еуропа елдерінің ірі IT-компанияларын Өзбекстанға тартуда ынтымақтастық жасау мен жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар туралы әңгімелесті.

    Кездесу барысында АКТ министрі елімізде де аутсорсинг қызметінің (ВРО және КРО) дамығанын атап өтті. Шетелдік компаниялардың қатысуымен BPO қызметтерін дамыту және сол арқылы ІТ өнімдері мен қызметтерінің экспортын ұлғайту, жастарды АКТ саласына кеңінен тарту және жоғары ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз етуді атап өтті.

    Кездесуде өзара ынтымақтастықты жасау барысында ой-пікірлер тыңдалды. Болашақта мүдделі жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер де талқыланды.

    Тараптар ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуетін атап өтіп, ақпараттық технологиялар саласындағы серіктестікті дамыту үшін барлық іс-әрекеттерді жұмылдыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates