Жолаушы метро пойызы вагонының есіктерін істен шығарды

    Ташкент метросында жолаушы пойыз вагонының есіктерін істен шығарды.

    Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

    Мәлімдеуінше, пойыз жолаушыларды қабылдап, есіктері жабылып жатқан кезде жолаушылардың бірі вагонға кіру үшін есікті ашпақшы болған. Нәтижесінде есікті қорғау құрылғысының механизмі істен шыққан.

    Машинист ақауды жөндегенімен, келесі аялдамаға жеткенше ол қайталанған. Содан кейін нұсқаулық талаптарына сәйкес, жолаушылар аялдамада түсіріліп, пойыз электр депосына жеткізілді.

    Метрополитен әкімшілігі жолаушылардан қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және метро мүлкіне зиян келтірмеуге шақырады. Бір ғана немқұрайлылық жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретіні айтылды.

    «Ташкент метрополитені» МУК метродағы қозғалыс ережелерін де ескертеді:

    бекетке жақындағанда, вагоннан түсу үшін алдымен есіктерге жақындаңыз;

    вагондардан шыққан жолаушыларға ең алдымен жол беріңіз;

    барлық жолаушылар түскеннен кейін көлікке отырыңыз;

    вагонға кіргеннен кейін, есік алдында тұрмаңыз, көліктің ортасына қарай жылжыңыз;

    метро вагондарының есіктеріне сүйенбеңіз;

    бекет және жолақтарда жүру кезінде оң жақ ережесін сақтаңыз.

    Жоғарыда аталған ережелерді сақтау әрбір адамның қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates