Жолаушылар пойызының билет бағасы көтеріледі

    20 октябрьден бастап жергілікті бағыттардағы жолаушылар пойызының билет бағасының тарифтік бөлігі 50%-ға, ал «Афросиёб» электр пойызы билеттерінің толық бағасы 100%-ға көтеріледі.

    Бұл туралы “Ўзтемирйўлйўловчи” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

    Жолаушылар пойызы билеттерінің бағасы соңғы рет 2018 жылы жергілікті бағыттарда, 2019 жылы «Афросиоб» жүрдек электр пойызында қайта қаралып, тарифтер соңғы 4-5 жылда өзгеріссіз қалғаны атап өтілді.

    2019-2022 жылдар және 2023 жылдың 9 ай барысында республикамызда еңбекақы мөлшері 2,4 есеге өсті, электр энергия мен жанылғы бағасының, логистика және көлік шығындары айтарлықтай өсті, сондай-ақ жолаушылар вагондары паркін жаңарту, жаңа пойыздар сатып алу, сондай-ақ теміржол вокзалдарын заман талабына сай түрде сақтауды ескеріп, билеттер бағасына өзгерістер енгізілуде.

    Осыған орай, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ Жолаушыларды тасымалдау шаруашылығы жолаушы билеттерін 2023 жылдың 20 октябрінен бастап жергілікті бағыттағы жолаушылар пойыздарының билет бағасының тарифтік бөлігі 50%-ға, жоғары жылдамдықтағы «Афросиоб» электр пойызы билеттерінің толық бағасы 100%-ға асырылуын хабарлады.

    «Құрметті жолаушылар, темір жол қызметін пайдаланғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және теміржол саласында жүргізіліп жатқан реформаларды қабылдауларыңызды сұраймыз!», — делінген хабарламада.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates