Кальцийдің орнын қалай толтыруға болады?

    Денсаулық 25 Iyul 2022 3480

    —Ағзаның толыққанды дамуында кальцийдің алатын орны ерекше, - дейді медицина ғылымдарының докторы Умида Рустамова. - Оның күнделікті мөлшері әрбір жас санаты үшін әртүрлі.

    Ұсынылатын тәуліктік кальций мөлшері:

    - 0-3 айлық сәбилерге 400 мг;

    - 4-6 айлық нәрестелер үшін 500 мг;

    - 7-12 айлық ұлдар мен қыздарға 600 мг;

    - 1-3 жас аралығындағы балаларға 800 мг;

    - 7-11 жас аралығындағы балаларға 1 100 мг;

    - 11-18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 1200 мг;

    - 18-59 жас аралығындағы ересектер үшін 1000 мг;

    - 60 жастан асқан адамдар үшін 1200 мг;

    - жүкті әйелдер үшін 1300 мг. және бала емізетін аналарға 1400 мг.

    Кальций жетіспеушілігін науқастар дәрумен мен минералдар комплексін қабылдау арқылы жоя алады. Дегенмен, оларды тек дәрігер ұсынады.

    Себебі, өз бетінше емделу ағзада ауыр асқынуларды тудырады. Атап айтқанда, жасанды кальций препараттарын үнемі тұтыну күре қан тамырларының бітелуін тудырады және варикозды ауруды дамытады.

    Сонымен қатар, ешбір дәрі сапалы, тойымды және салауатты тамақтанудың орнын баса алмайды. Сондықтан бұл проблеманы жою үшін дұрыс тамақтануға ерекше назар аудару керек.

    Атап айтқанда, күнделікті ас мәзірінде сүт өнімдері ( творог, йогурт, айран, ірімшік, сүзбе, қатық) болғаны абзал. Теңіз өнімдері де кальцийге бай. Сонымен қатар, олардың құрамында D дәрумені мен фосфор мол. Ал бұл сүйектерді нығайтуға көмектеседі.

    Түрлі жеміс-жидектер мен жасыл көкөністер - қырыққабат, салат жапырағы, балдыркөк, ақжелкен, күнжіт дәні, жаңғақ құрамында да кальций көп кездеседі.

    Ең бастысы, табиғи өнімдердегі осы заттың артық мөлшері кальций препараты сияқты ағза үшін зиянды емес. Себебі, бұл пайдалы макроэлемент жасанды сияқты организмде жиналмайды.

    Дегенмен, кейбір газдалған сусындар мен тұзды азық-түлік өнімдерінің құрамындағы натрий хлориді кальцийдің несеппен ағзадан шығарылуына себеп болады.

    Сондай-ақ, ағза кальцийді сіңдіруде D дәруменінің ерекшелігі мол. Атап айтқанда, бұл препарат осы элементтің ағзаға 30-40 пайызға сіңуіне оң әсер етеді. Бұл дәріменнің ең көп көзі күн сәулесінде кездеседі.

    Осы себепті күн шыққаннан бастап таңғы 11:00-ге дейін және 17:00-ден кейін ашық ауада серуендеу ұсынылады. Өйткені осы кезде оның ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ағзада Д дәрумені пайда болады. Бірақ қалған уақытта аптап ыстықта жүру денсаулыққа зиян.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates