Жастар Сенат қызметімен жақыннан танысты

    Болашақ ұрпақ 17 Yanvar 2024 1413

    2024 жылдың 16 январында «Парламентте жастар орны» жобасы шеңберінде Олий Мажлис Сенаты ғимаратында жастармен кездесу өтті.

    Сенаторлар мен УзЛиДеП саяси Кеңесі Атқару комитетінің мүшелері дарынды жастармен сұхбаттасты.

    Диалог барысында Сенаттың негізгі қызметі, атап айтқанда, парламенттің жоғарғы палатасының өкілеттіктері, сенаторлар қызметінің құқықтық негіздері, сенаторлардың құқықтары мен міндеттері, заң шығару бойынша парламенттік бақылаудың кейбір жақтары туралы түсініктемелер берілді.

    Сондай-ақ, бүгінде қажет болған заңдарды қабылдау, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, парламенттік бақылауды жүзеге асыру, атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру парламент қызметінің басты бағыттары екені айтылды.

    Сенаттың жергілікті Кеңестермен және жастармен ынтымақтастығы, заңдарды талқылауда аймақтардың мүддесі қаншалықты маңызды екендігі туралы бірқатар сұрақтарға жастар жауап алды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Бұл кездесу жастардың іс жүзіндік және теориялық дағдыларын қалыптастыру бойынша «пікірталас алаңына» айналды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates