Жарғыға сәйкес, Қор Жастар істері агенттігінің заңды тұлға статусына ие болмаған бюджеттен тыс қоры саналады.
Қордың қаржылары, атап айтқанда, мынадай мақсаттарда пайдаланылады:
▪️ жастардың құқығы мен еркіндігін, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру;
▪️ «Жастар дәптеріне» кіргізілген жастардың шет тілдері мен жалпы білім беретін пәндер бойынша беймемлекеттік білім беру мекемелерінде оқу қаражаттарының 50 пайызын (бірақ Базалық есептеу мөлшерінің 5 есесіне дейін) сондай-ақ олар бойынша ұлттық сертификаттар алу үшін өткізілетін емтихандарды тапсыру қаражаттарын компенсациялау;
▪️ халықаралық емтихан жүйелері (IELTS, TOEFL, GMAT, GRE, SAT, тағы басқалар) бойынша ең жоғары балл топтаған дарынды жастарға емтихан тапсыру қаражаттарын төлеп беру;
▪️ жастарға қатысты бағдарламалар, жобалар, байқаулар, тағы басқа шаралар үшін беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар және азаматтық қоғамның басқа институттарына, сонымен қатар, БАҚ-тарға әлеуметтік тапсырыс бөлу;
▪️ «Мейірбандық» үйлері тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ «Жастар дәптеріне» кіргізілген жастардың жүргізушілік курстарында оқу қаражаттарын (Базалық есептеу мөлшерінің 4 есесіне дейін) аталған жекеменшік кәсіпорын және ұйымдарға компенсация ретінде төлеп беру.