Жастардың ерекше санаттарына кепілдіксіз несилер бөлінеді

    Ел назарында 13 Oktabr 2021 4670

    2021 жылғы 12 октябрьдегі 637-санды Үкімет қаулысымен «Темір дәптер» және «Әйелдер дәптеріне» енгізілген отбасылардың балалары мен «Жастар дәптеріне» енгізілген жас жұбайларға жеке тәртіптегі үйінде қосымша тұрғын үй құрылысына кепілсіз несие туралы ереже бекітілді.

    Ережеге орай, несиелер банк тарапынан қайтарылуы, төлем, қамтамасыз етілгендігі, мерзімділігі және мақсатты шарттарда беріледі.

    Несие жастардың жекелеген санаттарына кепілсіз негізінде беріледі.

    Бұл жағдайда «Саховат ва кумак», «Әйелдер дәптері», «Жастар дәптері» қорларының кепілдіктері ұсынылады.

    Кепілдік беру үшін төлем (бонус) өндірілмейді.

    Қарыз алушылар сонымен қатар төмендегі өлшемдерге сай болуы қажет:

    18 жас және 30 жастан аспау;

    жаңадан үйленген (екі жақ үшін бірінші рет);

    бұрын қолжетімді тұрғын үй құру бағдарламасы аясында жеңілдетілген ипотека несие алмаған болуы керек.

    Соған орай, жастардың ерекше санаттарына несиелер:

    -базар ставкасында клиенттің сұранысына орай 6 айлық жеңілдік кезеңімен;

    • 20 жылдан аспайтын мерзімге;

    - бастапқы төлемі жеке тәртіптегі үйде қосымша құрылып жатқан тұрғын үй бағасының 15% -нан кем болмаған мөлшерде ;

    - бір қарыз алушыға 33 миллион сумнан аспайтын көлемде беріледі.

    Тиісті құжаттарды толық ұсынғаннан кейін банк 3 жұмыс күнінде өтініш берушіге несие беру мәселесін қарайды. Өтініш мақұлданған соң, несие келісімшартына қол қойылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates