— Жаяу жүру айтарлықтай деңгейде калорияға әсерін тигізеді де дене калорияны жоғалтады», — дейді Б. Адилова. — Мысалы, салмағы 70 кг адам жүгіру кезінде сағатына шамамен 500-600 к/калория, дәл сол адам жаяу жүргенде сағатына 250 к/калория жұмсайды. Басқаша айтқанда, артық калорияларды жоғалту үшін жарты сағаттық жүгіру бір сағаттық жаяу жүруге тең.
Қалай болғанда да, калориямен жұмыс істеу керек, жақсылап ойлап көріңіз, сізге 2-3 сағат жаяу жүрген мақұл ма немесе 1 сағат жүгіру ме. Ақыр соңында, жоғалған калория мөлшері бойынша нәтиже бірдей болады.
Әрбір қадам энергия жұмсалуының, гармондар істеп шығарылуының, бұлшықетті қанмен қамтамасыз етудің жақсаруы есебіне оларды оттегімен байыту үшін қызмет етеді. Нәтижесінде дененің жалпы жағдайы жақсарады.
Жаяу жүргенде минутына 5 калория жоғалтасыз (отырғанда 1 калория). Салмақ неғұрлым көп болса, соғұрлым көп энергия жұмсалады. Мысалы, салмағы 72 келі адам 1,5 километр жүргенде 105 калория жоғалтады, салмағы 100 келі болатын үлкен жастағы адам 135 калория жоғалтады және денсаулыққа жақсы әсер етеді.
Үнемі жаяу жүретін адам барлық қан тамырларының, соның ішінде лимфаның қозғалысын реттейді. Сонымен бірге, ағзадан барлық артық тұздар мен токсиндер шығып кетеді. Нәтижесінде дене тазарады, адамның қимылы жеңілдеп, денсаулығы жақсарып, өмірі ұзарады.
Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.