«Юксалиштің» еліміздегі реформаларды ілгерілетудегі үлесі мойындалды

    Үстіміздегі жылдың 2 апрелінде «Юксалиш» қозғалысының конференция залында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтану қорының (UNFPA) Өзбекстандағы өкілеттігінің өкілдерімен кездесу өтті.

    Шараға Қордың еліміздегі тұрақты өкілі Нигина Абасзаде, орынбасары Камолхан Иномхужаев, гендерлік мәселелер бойынша маман Дилора Ғаниева, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман Назокатхан Файзуллаевалар қатысты.

    «Юксалиш» қозғалысының төрағасы Бобур Бекмуродов қонақтарды ұйымның қызметімен, Өзбекстандағы азаматтық қоғам институттарын дамытуда жүзеге асырылған жұмыстарымен және өзгерістерімен таныстырды.

    UNFPA өкілдері әлеуметтікке бағытталған жобалар туралы ақпарат берді. Олардың қатарына ауыл инфрақұрылымын дамыту, қаулылар қабылдауда балалар мен жастардың қатысуын жүйелі жанасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ журналистер мен блогерлерді дайындау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдап-қуаттау бастамалары кіреді.

    Қонақтар Өзбекстанда жүзеге асырылған саяси және экономикалық реформаларды, сондай-ақ «Юксалиштің» еліміздегі реформаларды ілгерілетудегі үлесін жоғары бағалады. Қозғалыс азаматтық қоғам, мемлекеттік кеңестер мен парламент арасындағы өзіндік ерекшелігі бар «көпірге» айналуда.

    Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағын, сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандумына қол қою және «Жол картасын» әзірлеу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды «Юксалиш» қозғалысының баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: UNFPA-ның Өзбекстандағы өкілеттігі 1993 жылы ашылған және елімізде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда техникалық және консультативтік қолдау көрсетіп келеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates