- медициналық мекемелердің бірінші басшылары;
- олардың орынбасарлары;
- денсаулық сақтаудың басқару жүйесінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері денсаулық сақтауды басқару және қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша біліктілік санатын ала алады.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлері медициналық мамандығына сәйкес, тиісті мамандық бойынша біліктілік санатын алуға өтініш бере алады.
Бұл ретте, біліктілік санаты бар болғаны үшін еңбекке ақы төлеудің қосымша төлемдері ұсынылады.
Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілік санаты болғаны үшін еңбекақыға қосымша төлемдердің сертификатынында көрсетілген күннен бастап оның қолданылу мерзімінен бастап жүзеге асырылады.
Қажетті жұмыс өтілі бар медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлерге мерзімінен алдын, бірақ соңғы біліктілік санаты берілген күнен бастап бір жылдан кейін кезектегі біліктілік санаты берілуі мүмкін.
Медициналық ұйымдарда тікелей емдеу-профилактикалық қызметпен шұғылданып жатқан, қажетті жұмыс өтелімі болған, жоғары теориялық білім мен практикалық дағдыларына ие болған мамандарға Денсаулық сақтау министрінің ұсыныс хаты негізінде ғылыми дәрежесі болмаса да, ерекшелік ретінде, жоғары біліктілік санаты беріледі.