Энергетика министрлігі жанында Қайта тіктелетін энергия көздері ұлттық ғылыми-зерттеу институтының ашылғаны белгілі. Институт құрамында сутегі энергетикасы ғылыми-зерттеу орталығы және Қайта тіктелетін және сутегі энергетикасы технологияларын сынақтан өткізу және сертификаттау зертханасы ұйымдастырылып,  қазірде осы институтта қайта тіктелетін және сутегі энергиясын дамыту бойынша бірқатар ғылыми-зерттеулер жүгізілуде.

Институтқа Қытайдың “Henan Suda Electric Vehicle Technology Co., Ltd” компаниясының техникалық көмегінде 20 дана электромобиль бөлініп, соның негізінде ғылыми-зерттеу талдаулары жүргізіледі. Айта кету керек, электромобильдер елімізде енгізілген «жасыл» экономиканың, атап айтқанда, «жасыл» энергетиканы дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта институт аумағында жалпы қуаттылығы 48 кВт/сағатқа тең күн фотоэлектр станциясы орнатылып, соның негізінде өндірілген электр энергиясы институтты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Институт ғалымдары саланың дамуын жеделдету мақсатында бірқатар коммерциялық ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырды.

Бірінші жоба: Күн технологиясын қолдана отырып, электромобильдерді жоғары жылдамдықты зарядтағыш қондырғыларды жасау және өндіру жобасы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге Өзбекстанның климаттық жағдайын ескере отырып, энергия сақтау жүйесіне ие күн фотоэлектр жүйесі арқылы жергілікті электр желісімен параллель түрде жұмыс істейтін электрмобильдерді жылдам зарядтау құрылғысы шығарылып барлық аумақтарға енгізілуде.

Соның нәтижесінде елімізде орнатылған әрбір жүйе жылына 32 мың кВт/сағат электр энергиясын өндіріп, 950 электромобильді қуаттандыру жасалады, 11,2 мың текше метр табиғи газды үнемдеп, 19,8 тонна зиянды газдың атмосфераға таралуына жол бермейді.

Екінші жоба: Орталық электр желісінде күн фотоэлектрлік жүйелерін енгізудің техникалық-экономикалық негіздерін жасау және дайындау жобасы жүргізілуде.

 

 

Жоба республика аймақтарындағы климаттық жағдайларды ескере отырып, фотоэлектрлік жүйелерді жалпы электр желісіне сенімді қосу бойынша нақты шешімдерді, техникалық-экономикалық негіздерді және олардың қауіпсіз жұмыс істеу өлшемдерін жасауды көздейді.

Фотоэлектрлік жүйелер жалпы электр тармақтарына қосылған экономикамыздың барлық салалары нысандарында, тұрғын үйлерде, жекеменшік және  мемлекеттік кәсіпорындардың нысандарында қолданылады.

Артықшылығы мынада, фотоэлектрмен өндірілген электр энергиясы  электр желіге ең аз шығынмен беріледі. Аймақтардың климаттық жағдайын ескере отырып, фотоэлектрлік жүйелерді желіге қосу және тарифтік механизмдер бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

Үшінші жоба: Күн радиациясын, желдің жылдамдығы мен бағытын, ауа температурасын, жауын-шашын мөлшерін өлшейтін метеорологиялық станциялардың шағын өндіріс жобасы.

Жоба «Ўзгидромет»,  Энергетика министрлігінде, Жоғары оқу орындарында, өндірістік кәсіпорындарда және кәсіпкерлерде, фермерлік шаруашылықтарда қолданылады.

Бұл метеорологиялық стансада алынған мәліметтер базасы негізінде елімізде күн және жел станцияларын салуға, олардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, метрологиялық өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қайта тіктелетін және сутегі энергетикасы саласын одан әрі дамыту мақсатында институтқа жаңа кадрлар, ғылыми қызметкерлер алынады. Осы салада ғылыми-зерттеулер жүргізгісі келетін ізденушілер институт әкімшілігіне хабарласуы мүмкін.