З. Низамходжаев Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Памфиловамен кездесті

    Сайлау 15 Mart 2024 669

    Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З. Низамходжаев басшылығындағы Өзбекстан Республикасының делегациясы Ресей Федерациясы Президентінің сайлауын байқауға қатысуда.

    Ағымдағы жылдың 14 мартында ОСК төрағасы З. Низамходжаев пен Ресей Орталық Сайлау Комитетінің төрайымы Э. Памфилова арасындағы кездесу өтті.

    Кездесуде Э. Памфилова Президенттік сайлауға дайындық және оны өткізу бойынша жүргізіліп жатқан істер, Ресей Федерациясының сайлау заңдылығынна енгізілген соңғы өзгерістер мен қосымшалар, сайлау кампаниясының барысы туралы толық ақпарат берді.

    Президент сайлауына дайындық жасау және оны өткізу мақсатында бірқатар ОСК-ның нормативтік актілері қабылданып, Ресей азаматтарына сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін төмендегі қосымша мүмкіндіктер жасалғаны атап өтілді: қатарынан үш күн дауыс беру (2024 жыл 15, 16 және 17 март күндері) жүзеге асырылады; дауыс беру үшін қажетті ғимараттар жоқ және көлік инфрақұрылымы жақсы дамымаған елді мекендерде тұратын азаматтар үшін жылжымалы дауыс беру орталықтары құрылған; 29 аумақтарда дәстүрлі дауыс берумен қатар қашықтықтан электронды дауыс беру жүйесі жасалған.

    Кездесу қатысушыларына сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету барысында іс-шаралар туралы да ақпарат берілді. Осы мақсатта интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желіні пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде сайлау учаскелері мен аумақтық сайлау комиссияларының қызметі бейне-трансляцияға өткізіледі.

    Өз кезегінде, Өзбекстан Орталық Сайлау Комитетінің төрағасы З. Низамходжаев сайлауға дайындық барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын баса айтты. Орталық сайлау комиссиясының ашықтығын және оның халықаралық байқаушылардың қызметіне көмектесуге дайындығын, азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруын, дауыс беру қауіпсіздігі мен комиссия мүшелерінің еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, сондай-ақ «ИнформУИК» жобасы аясында сайлаушылардың электоралды мәдениетті арттыру бойынша жүзеге асырылған істерді жоғары бағалады.

    Екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқтала отырып, З. Низамходжаев қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзбекстан Республикасы ОСК мен Ресей Федерациясы ОСК арасында 2006 жылы қол қойылған ынтымақтастық және құқықтық ақпарат алмасу туралы Хаттама шеңберінде сайлау саласындағы өзара ынтымақтастықпен қатар белсенді серіктестік байланыстардың да жолға қойылғаны, сондай-ақ Дүниежүзілік Сайлау Органдары Ассоциациясының, Азиялық Сайлау Органдары Ассоциациясының және ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдарының Мәслихат кеңесі сияқты халықаралық ассоциациялардағы бірлескен қызметтер туралы да айтты, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates