Айта кету керек, Республиканың банк жүйесін реформалау стратегиясында «Агробанк» АҚ-ның шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік несиелер арқылы қолдау, аумақтардағы жеке тұлғаларға қызмет көрсету және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету бойынша қызметі қарастырылған. Осы мақсаттарға жету үшін мекеме бірқатар жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруда. 

Бүгінгі таңда банктік экожүйе құрамында төмендегі  бағыттар бар:

Chakana.uz онлайн-сауда алаңында смартфондар, компьютерлер, кеңсе және тұрмыстық техникалардың кең ауқымын ұсынады. Мұнда клиенттер бірнеше минут ішінде несие ала алады.

«Фермерлер мектебі» – шаруашылық және құс шаруашылығы, көкөніс, бау-бақша, қаржы және құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша теориялық және практикалық білім беретін оқу жобасы, алғашқы фермерлер мектебін 150 жас бітірді.

Agrobooks –  ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін фермерлер мен кәсіпкерлерге арналған әдістемелік қолданбалар жинағы, оны Агробанктің веб-сайтында да орналастырылған.

«Смарт-офис»  арқылы клиенттер автоматтандырылған  түрде  өзіне-өзі қызмет көрсетеді.

Ауылшаруашылық өнімдері мен қызметтерін сатып алуға және сату платформасы —   «AgroZamin » да баршаға кең мүмкіндіктер жасаған. Электронды бағдарламаға фермерлер өз өнімдерін орналастырып, серіктестер, жеткізушілер мен сатып алушыларды табады.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларға арналған лизингтік қызметтер – «Leader Finance Leasing», бағалы қағаздар базарында барлық түрдегі қызметтерді ұсынатын —  « Leader Finance»  брокерлік компаниясы және «AgroLab» өсімдіктерді қорғау биозертханасы да нәтижелі жұмыс істеп келуде.

— «Соңғы жылдары  банктің капиталы 12 есеге өсіп, ресурстарды тарту, несиелеу мүмкіндіктері кеңейді», — деді «Агробанк» АҚ басқарма төрағасы Рустам Маматқұлов. — «Мемлекетіміз жүргізіп отырған ашықтық саясаты, экономикаға берілген еркіндік, сондай-ақ бәсекелестіктің күшеюі банктердегі трансформация үдерісін жеделдетуде. Көпшілік Агробанкті ауыл шаруашылығын қаржыландыратын банк деп есептейді. Енді жаңа стратегия бойынша бизнес саласында заманауи шараларды жүзеге асыратын боламыз. Бұл үшін біз жаңа экожүйелер мен бағдарламалар жасадық.

Феруза Жўраева.