Digital Bridge 2022 халықаралық IT форумының күн тәртібінде Орталық Азия елдері мен Түркі мемлекеттері ұйымының АКТ министрлері мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары тарапынан цифрлық технологиялар мегаполистерін дамыту, АКТ жаһандық стратегиясын кеңейту, цифрлық үкіметтің тұрақтылығы, жаһандық өзгерістер дәуірінде цифрлық тұрақтылыққа  қол жеткізу жолдары, мемлекеттік және бизнесті цифрландыру стратегиясын жасау мәселелері талқылады.

Сондай-ақ, Veb3.0 экожүйесін және блокчайн технологияларын дамыту, цифрлық технологияларды дамыту кезеңінде жеке деректерді қорғау, интернетте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасанды интеллектті дамыту сияқты бірқатар өзекті мәселелерге назар аударылды.

Өз кезегінде, аталмыш шара аясында Орталық Азияның IT қызметтерін шетелге экспорттау әлеуеті және оған кедергі келтіретін факторлар туралы ой-пікірлермен алмасылды.

Өзбекстандық компаниялардың IT шешімдері мен жаңа стартаптары көрмедегі Өзбекстан IT Park стендінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін көрсетті.

Осы форумға қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстан делегациясының басшысы Шерзод Шерматов елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.