Мемлекет басшысы Өзбекстан делегациясына көрсетілген ерекше құрмет пен ілтипат үшін Корольге шынайы ризашылығын білдіріп, кейінгі жылдары Иорданияның қол жеткізген толымды табыстарына жоғары баға берді.

Жоғары деңгейдегі сапар қарсаңында ұйымдастырылған бірқатар іс-шара екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесуден кейін екі ел басшыларын жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Иорданияның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Әл-Хусейн бен Әли» ордені салтанатты түрде табыс етілді.

Өзбекстан Президенті бұл жоғары марапатты екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесіне берілген баға ғана емес, Иордания Королінің өзбек халқына деген зор құрметі мен мемлекетаралық байланыстарды дамытуға айрықша мән беретінінің айқын көрінісі ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Иордания Королін елдеріміз арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жүйелі дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Жоғары Дәрежелі Достық» орденімен марапаттады.

Атап өтілгендей, бұл марапат – Король II Абдалла бен әл-Хусейннің екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту жолындағы қажырлы еңбегіне Өзбекстан халқы мен мемлекеті атынан көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.

Иордания басшысы осындай шынайы ықылас пен жоғары марапат үшін Өзбекстан Президентіне алғыс білдіріп, оны бүкіл Иордания халқына, сондай-ақ екі ел арасындағы ежелден қалыптасқан достық пен берік ынтымақтастыққа көрсетілген айрықша құрметтің нышаны ретінде қабылдайтынын атап өтті.