Президент жарлығымен (ПФ-34-санды 07.02.2024) «Зулфия атындағы Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ұсыныстарды қолдап-қуаттау туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізілді
Осыған орай, ақпараттық технологиялар саласында ерекше жетістіктерге қол жеткізген дарынды әйел-қыздарға Зулфия атындағы Мемлекеттік сыйлық беріледі.
Сондай-ақ, Зулфия атындағы Мемлекеттік сыйлықты беру комиссиясы Отбасы және әйел-қыздар комитеті жанынан қоғамдық негізде жұмыс істеуі және оған Премьер-Министрдің орынбасары – Отбасы және әйел-қыздар комитетінің төрағасы басшылық етеді деп белгіленді.
Сонымен қатар, сыйлықты алу үшін талапкердің соңғы 3 жылдағы үлгілі қызметіне, білім, ғылым, әдебиет, мәдениет, өнер, спорт, ақпараттық технологиялары салаларындағы және қоғамдық қызметтегі ерекше жетістіктеріне қатысты құжаттарды тапсыру белгіленді (Бұрын екі жыл еді).