Гүлдер фестиваль әр жылы кең көлемде өткізіліп, оған әлемнің түкпір-түкпірлерінен қонақтар қызығушылық білдіруде. Әр жылы мерекелік шараға қатысу үшін Оңтүстік Корея, Ресей, Туркия, Нидерландия, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан және Түркіменстан сияқты көрші елдерден де қонақтар шақырылады.

Фестивальді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін тек жергілікті БАҚ өкілдері ғана емес, шетелдік БАҚ өкілдері де  жұмылдырылады. Түркия, Иран, Қытай, Үндістан, Ресей Федерациясы және Орта Азия елдерінің БАҚ өкілдері осылар қатарында.

Гүлдер фестивалі аумақта туризм саласын дамытуға, Наманган облысының көркемділігін арттыруға, сонымен жергілікті және шетел саяхатшылармен тұрақты байланыс орнатуға қызмет етеді. Бұл Наманган облысының туризм әлеуетін әлемге көрсетуде үлкен мүмкіндік, деп хабар береді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Фестивальға жалпы 150-ден астам флорист-кәсіпкерлер мен 300-ден астам әуесқой гүлшілер қатысуы күтілуде. Айтпақшы, жыл сайын отырғызылатын көшеттер саны көбеюде. Үстіміздегі жылы Гүлдер фестивалі тарихында бірінші рет 100 миллион гүл көшеттері егілуі күтілуде.

“Namangan Flowers— 2021” фестиваль аясында ең қызықты оқиғалардың бірі қаланың орталық көшелері бойлап өткізілетін гүлдер параты саналады. Парадта 150-ден астам транспорт құралдары, ауыл шаруашылық және арнайы техникалар қатысып, олардың барлығы жарқын әрі түрлі-түсті гүлдермен және Өзбекстан Республикасы туымен безендіріледі. Фестивальдің салтанатты ашылуы Бабыр атындағы орталық саябақта басталып, парад та осы жерден бағыт алады.

Гүлдер фестивалін өткізу көктемнің басқа мерекелерімен бірқатарда этно-экологиялық жағынан ерекшеленеді. Осы фестиваль 1961 жылдан бері Өзбекстанның ең үлкен оқиғаларының бірі ретінде, еліміздің бай өсімдіктер әлемін паш етеді.