Мемлекет басшысы «ВТБ» банкінің президентін қабылдады

    Ҳукумат 30 Sentabr 2021 3204

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкент экономикалық форумы аясында Өзбекстанда сапарда жүрген Ресейдің «ВТБ» банкі президенті және басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады.

    Кездесуде отандық кәсіпорындардың Ресейдегі ірі банк мекемелерінің бірімен өзара тиімді инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

    Ташкенттегі форум аясында Науаи тау-кен металлургия комбинатының жобалары үшін 1 миллиард доллар несие желісін бөлу туралы бірінші келісімге қол қойылғандығы атап өтілді.

    Сонымен қатар, индустрияландыру мен инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асырудың және қаржыландыруды кеңейтудің бар мүмкіндіктері көрсетілді.

    Кездесу барысында, практикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін бірлескен «жол картасын» дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates