Мәлім болғандай, әліпбидегі кейбір әріптердің жазылу тәртібіне өзгерістер енгізілуі қолданыстағы ақшаны айырбастау қажеттілігін туындатпайды.
Қазіргі уақытта айналымда жүрген барлық банкноттар бұрынғыдай төлем құралы ретінде пайдаланыла береді. Олар арқылы сатып алулар жасауға және түрлі төлемдерді жүзеге асыруға болады.
Алдағы уақытта жаңартылған әліпби негізінде жаңа банкноттар шығарылған жағдайда да, олар қолданыстағы ақшалармен қатар айналымда болады.
Орталық банктің атап өтуінше, жаңа банкноттарды шығару жоспарланған жағдайда, бұл туралы кемінде бір апта бұрын ресми ақпарат беріледі.
Осылайша, әліпбиге енгізілген өзгерістерге байланысты азаматтардың қолындағы ақшаны ауыстыруына ешқандай қажеттілік жоқ.