Жылы жүздесуде Өзбекстан мен Бангладеш арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды.
Кейінгі жылдары екіжақты байланыстардың қарқынды дамып, тауар айналымының артқаны атап өтілді.
Кездесуде өзара ынтымақтастықты дамыту және оны нақты мазмұнмен байыту, соның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық әріптестік пен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауды жалғастыру және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.