Кездесуде өткен жылы Словенияға жасалған сапар барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Тауар айналымының өскені атап өтілді. Көлік, қала құрылысы, маңызды минералдық ресурстар мен фармацевтика салаларындағы кооперацияны дамытуға, сондай-ақ мәдени және туристік алмасуларды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара серіктестікті, соның ішінде Еуропалық одақпен ынтымақтастық аясында одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.