Қаулыға сәйкес, 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:
Туризм комитеті жанындағы Туризмді дамыту ғылыми-зерттеу институтына (
Институт) гидтерге (гид-аудармашыларға) олардың қалауы бойынша әуесқой,
мамандандырылған және кәсіби біліктілік санаттарын беру өкілеттігі
беріледі;
біліктілік сертификаты мерзімсіз беріледі;
соңғы 2 жыл ішінде гид ретінде қызмет атқармаған тұлғалар біліктілік
емтиханын қайта тапсырады.
Қаулымен
«Гидтерге (гид-аудармашыларға) біліктілік санатын беру тәртібі туралы» ереже бекітілді.
Ережеге
сәйкес, біліктілік санаты ерікті негізде беріледі. Сонымен қатар,
біліктілік санатының болмауы гидтердің (гид-аудармашылардың) заңнамада
белгіленген тәртіппен алынған біліктілік сертификаты негізінде қызмет атқару
құқығын шектемейді.
Гидтерге
(гид-аудармашыларға) мынадай біліктілік санаттары беріледі:
әуесқой гид біліктілік санаты;
мамандандырылған гид біліктілік санаты;
кәсіби гид біліктілік санаты;
«Алтын қор» гиді біліктілік санаты.
Біліктілік
санатын беру кезінде мынадай көрсеткіштер ескеріледі:
- кәсіби білімі мен практикалық
дағдылары;
- экскурсиялық қызметтерді
ұйымдастыру және өткізу шеберлігі;
- экскурсия нысандары бойынша
білім деңгейі;
- туристермен қарым-қатынас
мәдениеті;
- шет тілдерін меңгеру деңгейі;
- кәсіби этика қағидаларын
сақтау.
Үміткерге
біліктілік санатын беру үшін кәсіби емтихан нәтижесінің ең төменгі көрсеткіші
төмендегідей белгіленген:
- 56 пайыздан 70 пайызға дейін – әуесқой гид біліктілік
санаты;
- 70 пайыздан 85 пайызға дейін – мамандандырылған гид
біліктілік санаты;
- 86 пайыздан жоғары және 100
пайызға дейін –
кәсіби гид біліктілік санаты.