Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігінің  үстіміздегі жылдың 13 шілдедегі №04-39-2385-санды хаты негізінде жалпы орта білім беретін мектептерде ұйымдастырылған сауықтыру алаңдарының қызметі, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар және мектептердегі «Өзекті 90 күн» бағдарламасы аясында жоспарланған түрлі жобаларды іске асыру биылғы жылдың 1 тамызына дейін уақытша тоқтатылды.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға, әсіресе қауіп тобына жататын азаматтарға, аптап ыстық кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды ұсынды.