2025
жылғы 28 қазан күні Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі,
Экономика және қаржы министрлігі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің
тиісті бірлескен қаулысымен «Жалпы білім беру ұйымдарында сыныптарды
жасақтау және тарификациялық тізімдерді қалыптастыру тәртібі туралы» Ережеге
өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп, Өзбекстан Республикасы Әділет
министрлігінде 3271-1 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден
өткізілген.
Аталған Ережеге
өзгерістер мен қосымшалар енгізудің негізгі мақсаты – мұғалімдердің жұмыс
жүктемесін азайту, сабақ сағаттарын бөлу талаптарын жеңілдету және бұл үдерісті
барынша ашық әрі әділ ұйымдастыру болып табылады.
Нақтырақ
айтқанда, осы уақытқа дейін қолданылып келген сабақ сағаттарын бөлудегі
басымдық өлшемдері 19-дан 10-ға дейін қысқартылды. Бұл өзгерістер
көптеген мұғалімдердің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылды.
Атап
айтқанда, барлық педагогтер үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында «Әлемнің
ТОП-1000 университеттері рейтингіндегі жетекші жоғары оқу орындарын бітірген
мұғалімдер» немесе «Халықаралық және негізгі пәндік
олимпиадаларда оқушылары жеңімпаз болған мұғалімдер» сияқты өлшемдер
алып тасталды. Себебі мұндай мүмкіндіктер әрбір педагогке бірдей қолжетімді
емес.
Осыған
байланысты, жаңа тәртіпке сәйкес сабақ сағаттарын бөлу кезінде негізгі назар нәтиже
көрсеткен, бәсекеге қабілетті, өз пәні бойынша білім деңгейін растайтын ұлттық
немесе халықаралық сертификаттарға, сондай-ақ заманауи компетенцияларға ие
мұғалімнің кәсіби әлеуеті мен нақты нәтижесіне аударылады.
Нәтижесінде,
сабақ сағаттарын бөлу барысында өзін үнемі кәсіби тұрғыдан дамытатын,
жоғары педагогикалық шеберлікке ие және сапалы білім бере алатын мұғалімдерге
ең алдымен сабақ сағаттарын беру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бұл
тәжірибелі педагогтердің сапалы білім беруіне жағдай жасап қана қоймай,
оқушылардың білім нәтижелерін жақсартуға және мектептердегі білім сапасын
арттыруға қызмет етеді.
Жаңа оқу
жылынан бастап қолданысқа енгізілетін бұл тәртіп мектептерде сабақ сағаттарын
бөлуде педагогтің кәсіби әлеуетін лайықты бағалауға, сондай-ақ
нәтижеге негізделген кадрлық саясатты қалыптастыруға
бағытталған маңызды қадам болып табылады.