Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігінің үстіміздегі жылдың 13 шілдедегі
№04-39-2385-санды хаты негізінде жалпы орта білім беретін мектептерде ұйымдастырылған
сауықтыру алаңдарының қызметі,
сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар және мектептердегі «Өзекті 90 күн» бағдарламасы аясында
жоспарланған түрлі жобаларды іске асыру биылғы
жылдың 1 тамызына дейін уақытша тоқтатылды.
Бұдан бөлек,
Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға, әсіресе қауіп тобына жататын азаматтарға, аптап ыстық кезінде сақтық
шараларын қатаң сақтауды ұсынды.