Кездесуде халықаралық федерациямен ұлттық дзюдо мектебін дамыту, жас спортшыларды даярлау бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Ташкенттің әлемдегі беделді дзюдо орталықтарының біріне айналып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы үш жылда Өзбекстанда 4 мыңнан астам спортшы қатысқан 10 халықаралық жарыс өткізілді. Ал биыл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет Өзбекстанда ұйымдастырылып отыр.
Мариус Визер елде спортты дамыту, жастарды бұқаралық спортқа кеңінен тарту бағытында жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.
Сондай-ақ, Өзбекстанда ірі халықаралық жарыстарды өткізу, ұлттық құраманы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына даярлау, заманауи спорт инфрақұрылымы негізінде спортшыларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлау, спорт медицинасы саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19–22 қараша күндері Ташкенттегі Олимпиада қалашығында өтеді. Жарысқа 78 елден 600-ге жуық жас спортшы қатысып, бақ сынауда. Сонымен қатар чемпионатқа шетелдік жоғары деңгейдегі делегациялар да келген.