Президент
тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда деградацияға ұшыраған жерлерде, соның ішінде
Қарақалпақстан Республикасының Еллікқала ауданының «Борлы» аумағындағы
деградацияға ұшыраған 3 гектар жерге тәжірибе ретінде «BioVak Y24»
биопрепараты қолданылып, құрамында 5 пайыздық шортаң сумен мақта өсірілуде.
Бұл өз кезегінде шорланған жерлерде шортаң суды пайдалана отырып, ауыл
шаруашылығы дақылдарын өсіру мен өнімділікті арттыруға бағытталған жаңа
агротехнологияларды енгізуге негіз болады.
Инновациялық
даму агенттігі қаржыландырған бұл жоба Ташкент облысының Паркент ауданында
өндіріс жолға қойылып, жобаның жалпы құны 4,9 млрд сумды құрайды, соның 1,07
млрд сумы мемлекеттік ғылыми бағдарламалар аясында бөлінген. Кәсіпорын
жылына 2000–3000 тоннаға дейін дәрілік өсімдіктер шикізатын терең өңдеуге
қауқарлы.
Тағы бір
маңызды жайт – дәрілік өсімдіктер экстрактылары негізінде биологиялық белсенді
заттар алуға арналған заманауи ғылыми зертхана базасы құрылып, 15 жаңа жұмыс
орны ашылды.
Соңғы
жылдары «BioVak Y24» препаратын қолдану нәтижесінде негізгі ауыл
шаруашылығы дақылдары бойынша жоғары көрсеткіштер тіркелді. Атап айтқанда, бұл
препарат өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын 2–3 есеге күшейтеді.
Құрғақшылыққа қарсы тиімді қорғаныс қалыптастырып, тамырлардың 1–1,5 метр
тереңдікке дейін өсуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында өсімдік жер
астындағы табиғи ылғал мен қоректік заттарды тиімді игереді.
Сонымен
қатар препарат аптап ыстыққа төзімді, жаздың ең ыстық кезеңінде де өсімдіктің
тозаңдану қабілетін сақтап, күйзелістің және гүлдердің түсіп қалуының алдын
алады.
Бұдан
бөлек, препарат вегетациялық кезеңде өнімнің пісу мерзімін 20–25 күнге
қысқартады, бұл шаруалар үшін уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар «BioVak Y24» препаратын қолдану айтарлықтай
экономикалық тиімділік көрсеткен.
Атап
айтқанда, мақта өсіретін шаруашылықтарда дәстүрлі өнімге қосымша 15
ц/гектарына өнім алынып, әр гектардан 12 млн сум қосымша табыс және 11,2
млн сум таза пайда түскен.
Ал бидай
өсіруде өнімділік дәстүрлі 60 ц/га көрсеткішінен 80 ц/га-дан жоғары деңгейге
көтеріліп, әр гектардан 6 млн сум қосымша табыс және 5,4 млн сум таза
пайда алуға мүмкіндік береді.
Препарат 2024–2025
жылғы маусымдарда республиканың барлық өңірлеріндегі фермерлік
шаруашылықтарда сәтті сынақтан өтті. Мысалы, Қарақалпақстанның Беруни
ауданында осы биопрепарат қолданылып, гектарынан 60–68 центнер өнім
жиналды.
Сондай-ақ
бұршақтан зардап шеккен егістіктерде препарат қолданылғаннан кейін 43 ц/га
өнім алуға қол жеткізілді.
Айта кету
керек, бұл препарат соңғы жылдары қызанақ пен басқа да бақша дақылдарында кең
таралған вирустық және зең ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
«BioVak Y24» препаратымен өңделген алқаптарда ауру қоздырғыштары
жойылып, өсімдіктің иммунитеті күшейеді.
Нәтижесінде,
тіпті ауруға шалдыққан өсімдіктердің өзі қалпына келіп, сапалы, дәрумендерге
бай өнім береді. Ғылыми зерттеулер бұл биопрепараттың өсімдіктің эндогендік
гормондық тепе-теңдігін оңтайландырып, күйзеліс факторларына бейімделу
қабілетін едәуір арттыратынын көрсетті.
Біріншіден,
тамыр жүйесінің 1–1,5 метрге дейін тереңдеуі агрофизикалық тұрғыдан
өсімдіктің автономды су қамтамасыз ету жүйесіне көшкенін білдіреді. Бұл су
ресурстары шектеулі жағдайда өнімді сақтап қалудың ғылыми негізделген тәсілі
болып саналады.
Екіншіден,
препараттың фунгицидтік және бактерицидтік қасиеттері химиялық
құралдармен салыстырғанда селективті артықшылыққа ие. Ол топырақтағы пайдалы
микрофлораны жоймай, тек патогендерге қарсы биологиялық тосқауыл
қалыптастырады.
Көріп
отырғанымыздай, қазіргі заманғы агроөнеркәсіп кешені білім-ғылымсыз дами алмайды. Бүгінде Өзбекстанның ауыл шаруашылығы
экстенсивті даму моделінен интенсивті, ғылымға негізделген даму жолына
көшті. Ал су тапшылығы жағдайында судың әрбір тамшысын үнемдеу осы
бағыттағы маңызды әрі лайықты үлес болып табылады.