Өзбекстан басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістан қаласында өткен бейресми саммиті мен мазмұнды келіссөздердің жоғары деңгейде дайындалып, өткізілгенін, соның нәтижесінде қатысушы елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық жаңа қарқын алғанын айрықша атап өтті.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық салаларда қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы жылдары екіжақты тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, инвестициялық белсенділік, соның ішінде Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аясында кеңеюде, сондай-ақ энергетика, көлік, экология және мәдени-гуманитарлық салаларда перспективалы жобалар мен бастамалар жүзеге асырылып жатыр.
Алдағы Үкіметаралық комиссия отырысын, Өңірлер басшылары кеңесінің алғашқы кездесуін және өзге де тетіктер аясында жаңа экономикалық күн тәртібін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Екіжақты және көпжақты іс-шаралар жоспары да қаралды.