Бүгін Веллингтон қаласындағы «Говернмент Хаусе» резиденциясында болып өткен салтанатты рәсімде Өзбекстанның Сингапурдағы елшісі Алишер Қаюмов Жаңа Зеландияда қоса атқарушы елші ретінде осы елдің Генерал-губернаторы Даме Синди Кироға сенім грамоталарын табыс етті.

Бұл туралы «Дунё» ақпарат агенттігі хабарлады.

Өзбекстан елшісін Жаңа Зеландияның маори байырғы халқының ежелгі дәстүрлеріне сай салтанатты түрде қарсы алды.

Ресми рәсім және одан кейінгі сұхбат барысында соңғы жылдары дәйекті түрде дамып келе жатқан Өзбекстан – Жаңа Зеландия қатынастарының бүгінгі жағдайы мен болашағы талқыланды. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, ғылым, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Генерал-губернатор Даме Синди Киро Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Ол мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, азаматтық қоғамды дамыту және халықаралық бизнес үшін қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында қол жеткізілген нәтижелерді ерекше атап өтті.

Сұхбат барысында екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту, саяси диалогты жандандыру, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара тиімді басқа да салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені айтылды.

Сонымен қатар, Жаңа Зеландия тарапы елдер арасындағы парламентаралық байланыстарды және басқа да салаларда жолға қойылған ынтымақтастықты жүйелі түрде жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында Генерал-губернатор Даме Синди Киро екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, Өзбекстан басшылығы мен халқына ізгі тілектерін жолдады.