Қырғыз Республикасының Білім министрі Догдуркүл Кендирбаевамен кездесуде қырғыз тілінде білім берілетін мектептерге арналған оқулықтарды дайындау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және студенттер алмасу мәселелері талқыланды.
Францияның балалар мәселесі бойынша жоғарғы комиссары Сара Эль-Хайримен болған сұхбатта мектепке дейінгі білім беруді дамыту, инклюзивті білім беруді қолдау, педагогтердің білімін жетілдіру және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша адами дамуы жөніндегі аймақтық директоры Апарнаа Соманатанмен кездесуде мектеп білімінің сапасын арттыру, білім беру инфрақұрылымын дамыту, педагогтардың әлеуетін нығайту және «Білім» жобасын жүзеге асыру болашақтары қарастырылды.
Кездесулер білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибелерді енгізуге және балалар үшін сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.