Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында Өзбекстан мен Бруней арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар аясында Брунейдің Сыртқы істер министрі, Ханзада Абдул Матийнмен, сондай-ақ Сыртқы істер министрінің екінші орынбасары Эриван Юсофпен кездесулер өтті.

Бруней өкілдері Өзбекстанда Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен олардың нәтижелеріне жоғары баға берді.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, мәдениет, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келді.

Еске салайық, Каромиддин Гадоев 2023 жылдың қараша айынан бері Өзбекстанның Малайзиядағы елшісі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ-мен және басқа да халықаралық саяси ұйымдармен ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

1995 жылдан бері Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, соның ішінде орталық аппаратта, Өзбекстанның НАТО-дағы миссиясында және Брюссельдегі елшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.