Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасылық бақ-береке мен толағай табыс, ал бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік, тұрақты даму және өсіп-өркендеу тіледі.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастары бүгінде жоғары деңгейге көтерілгені, сондай-ақ барлық басым бағыттар бойынша көпқырлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.