Онда күріш дәндері су құйылған ыдысқа салынғаны
айтылған. Кейін оның бетіне жасанды жаңбыр “жаудырылған”. Зерттеушілер
тамшылардың өлшемін және қандай биіктіктен түсетінін реттеп, оны мүмкіндігінше
қалыпты жаңбыр мен нөсерге ұқсатқан. Тамшылар суға, ауаға және топыраққа
түскенде өзіне тән дыбыс шығарады. Бұл жағдайда жасанды жаңбыр дыбысы
шынайысына ұқсас болуы маңызды болды.
Күріш дәндері тек дыбыс толқындары жететін
тереңдікте жатқан. Нәтижесінде жаңбырды “еститін” дәндер әдеттегіден 30–40%
жылдам өскені анықталған. Сонымен қатар себілген
салы дәніне қаншалықты жақын болса, яғни
тамшылар дыбысын қаншалықты жақсы “сезсе”, соншалықты тез өседі.
Күріш дәндерінің құлағы жоқ, олар жаңбыр
дыбысын тікелей естімейді, бірақ олардың құрамында статолиттер бар. Статолит —
негізінен крахмалдан тұратын тығыз бөлшектер. Олар жасушаның төменгі бөлігінде
орналасып, цитоплазмада ерімейді. Статолиттер өсімдіктерге тартылыс күшін
сезінуге және тамырдың қай бағытта, ал сабақтың қай жаққа өсуі керектігін
анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар статолиттердің қозғалысы тұқымның өнуі мен
өскіндердің дамуын да белсендіреді.
Зерттеушілер жаңбыр дыбысы статолиттерді
қозғалысқа келтіреді деп болжаған. Олар бұл болжамды тек айтып қана қоймай,
есептеп те шыққан. Тамшылардың өлшеміне қарай дыбыс тербелісінің күшін бағалап,
олардың түсу жылдамдығын да өлшеген. Дыбыс тербелістері статолиттерді
қозғалысқа келтіруге жеткілікті болған.
Мүмкін жаңбыр дыбысы басқа өсімдіктердің
тұқымына да әсер ететін шығар, бірақ бұл әлі тексеруді қажет етеді. Өйткені
өсімдік тұқымдары әртүрлі және түрлі жағдайда өседі, деп жазады nkj.ru сайты.