Талдау нәтижелері көрсеткендей, түнгі жарық интенсивтілігінің артуы аумақтарда экономикалық белсенділік пен қалалық инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын білдіреді. Сонымен қатар, қала типінде дамып жатқан аумақтар саны да айтарлықтай көбейген.
Спутниктік деректер ресми статистикамен жоғары деңгейде сәйкес келген. Атап айтқанда, 2020–2025 жылдары жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 80,3 пайызға өсіп, 2 090 доллардан 3 887 долларға жеткен. Ресми деректерде бұл көрсеткіш 81,8 пайызды құрап, 2 048 доллардан 3 881 долларға дейін өскен.
Ірі қалалар арасында ең жоғары өсім Ташкент қаласында тіркелді — 2025 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ 9,3 мың долларға жетті. Сонымен қатар, Навои (9,3 мың доллар), Зарафшан (7,9 мың), Самарқант (7,2 мың), Қоқан және Әндіжан (6,7 мың) қалаларында да жоғары экономикалық белсенділік байқалды.
Шағын және орта қалаларда да оң динамика сақталуда. Атап айтқанда, Терміз қаласында жан басына шаққандағы ЖІӨ 5,1 мың долларды, Марғилан мен Шыршықта шамамен 5 мың долларды, ал Наманганда 4,8 мың долларды құрады.
Аудандар бөлінісінде ең жоғары өсім Миробод, Яккасарай және Шыланзар аудандарында тіркелді. Бұл аумақтарда жан басына шаққандағы ЖІӨ 10 мың доллардан асып, республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары болды.
Сонымен қатар, жоғары экономикалық белсенділікке ие аумақтар саны да артып келеді. 2020–2025 жылдары түнгі жарық интенсивтілігі жоғары болған аумақтар саны 22-ден 31-ге дейін жеткен. Ал төмен көрсеткішті аудандар саны 129-дан 85-ке дейін азайды. Бұл 44 ауданның қала типіндегі даму кезеңіне өткенін көрсетеді.
Мамандардың пікірінше, түнгі жарық деректері экономикалық үдерістерді жедел бағалауда маңызды құрал болып табылады және ресми статистиканы тиімді толықтыра алады. Мұндай тәсіл жаңа өсу нүктелерін анықтауға, сондай-ақ инвестициялық және инфрақұрылымдық саясатты нақты бағыттауға үлкен мүмкіндік береді.
Конец формы