Туризм
қызметтерінің экспорты 1,3 млрд АҚШ долларына жетіп, саланың ел экономикасындағы
орнының барған сайын нығайып келе жатқанын көрсетті.
Туристер
ағынының артуы инфрақұрылымның дамуынан да айқын байқалады.
Осы
кезеңде 140 жаңа орналастыру нысаны іске қосылды. Оның ішінде 31 қонақүй, 83
хостел, 16 отбасылық қонақ үй және 10 басқа түрдегі орналастыру нысаны
пайдалануға тапсырылды.
Ішкі туризм
де қарқынды дамып, «Өзбекстанды саяхатта!» бағдарламасы аясында Ташкент
қаласының 1,1 млн тұрғыны республика бойынша саяхаттар мен экскурсияларға
қатысты.
Туризм саласындағы кәсіпкерлік те тұрақты
түрде кеңеюде. Жыл басынан бері 203 жаңа туристік кәсіпорын құрылып, олардың
жалпы саны 2 673-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер Ташкенттің тек Өзбекстанның
туризм орталығы ғана емес, сонымен қатар халықаралық туристер үшін барған сайын
тартымды әрі заманауи мегаполиске айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.