Алдын ала зерттеу
нәтижелеріне сәйкес, қосалқы станциядағы 110 кВ электр желісінде техникалық
ақау туындаған. Соның салдарынан «Ташкент ИЕМ»-дегі
екі газ турбиналық қондырғы жалпы 60 МВт қуатпен өшкен.
Нәтижесінде Ташкент
қаласының Яккасарай,
Шыланзар, Миробод және Учтепа аудандарындағы, сондай-ақ
Ташкент облысының Зеңгіата ауданындағы 55 мың тұтынушы, сонымен бірқатар шағын өндірістік
өнеркәсіпорындары электр энергиясынсыз қалды.
Жедел апаттық-қалпына
келтіру жұмыстарының нәтижесінде:
21:50-де Яккасарай, Шыланзар және Учтепа
аудандарындағы 90 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен жабдықталуы
қалпына келтірілді;
29 маусым күні сағат
00:08-де
Миробод ауданындағы 50 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен қамтылуы
қалпына келтірілді;
00:09-де Яккасарай және Шыланзар
аудандарындағы тағы 8 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен қамтылуы
қалпына келтірілді;
00:25-те Шыланзар ауданы мен Ташкент
облысының Зеңгіата ауданындағы 55 МВт жүктемедегі тұтынушылардың
электрмен қамтылуы толық қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта Ташкент
қаласының Шыланзар
ауданындағы 2 МВт жүктеме бойынша электрмен қамту қалпына
келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.