Нұрафшан қаласына жасаған сапарымыз барысында осы телеарнаға арнап бөлінген 1,3 гектар жер телімінде заманауи ғимарат бой көтергенін көрдік. Мұнда шығармашылық және техникалық қызметкерлер үшін кең мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, қызметкерлерге арналған жеке бөлмелер, декорациясын өзгертуге болатын студиялар, әкімшілік нысандар, түрлі жиналыстар мен іс-шараларды өткізуге арналған зал және асхана бар.

Айта кетейік, «Нурафшон ТВ» құрылған күннен бастап Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясына тиесілі ғимаратты уақытша және тегін пайдалану құқығы негізінде жұмыс істеп келеді. Телеарна қажетті бастапқы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және шығармашылық әрі техникалық қызметкерлердің жұмыс істеуіне ішінара жағдай жасалған.

Жаңа ғимараттағы құрылыс, әрлеу және жабдықтау жұмыстары толық аяқталғаннан кейін телеарнаның шығармашылық ұжымы өз қызметін осы жерде жалғастырады. Демек, негізгі бағдарламалар, соның ішінде тікелей эфирлер мен ақпараттық-талдамалық хабарлар жаңа ғимаратта түсіріліп, осы жерден эфирге таратылады.

Сонымен қатар «Ташкент облыстық телерадиоканалының» эфирлік бағдарламалары аясында радио хабарларын тарату қызметі де жолға қойылады. Нәтижесінде 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Х. Салимов,

Yuz.uz тілшісі