Форумға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің сот-құқықтық білім беру мекемелері, бас прокуратура жанындағы академиялар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қатысуда.
Шарада Өзбекстан Республикасы Судьялар жоғары кеңесінің төрағасы Холмумин Ёдгоров судья мамандығының өте жауапты әрі мәртебелі екенін атап өтіп, болашақ судьяларды даярлау және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыру өте күрделі міндет екенін айтты.
Оның сөзінше, әділ сот тиімділігі ең алдымен судьялыққа үміткерлердің қаншалықты терең білім мен қабілетпен дайындалуына байланысты. Сонымен бірге әрбір мемлекеттің бұл салада өзіндік тәжірибесі мен тәсілдері бар екені айтылды.
Форум аясында сот және құқықты қорғау саласына кадр даярлауда жасанды интеллектті заманауи педагогикалық құрал ретінде пайдалану, судьялардың біліктілігін арттыру пүдерісіне цифрлық технологияларды енгізу және осы саладағы құқықтық негіздерді жетілдіру сияқты тақырыптар талқылануда.
Шара қатысушылары арасында тәжірибе мен пікір алмасу да қарастырылған.