Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында екі ел басшылары арасында қол жеткізілген сауда-экономикалық, көлік, су-энергетика салаларындағы келісімдерді жүзеге асыру мәселелеріне, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағдарламалар мен өңіраралық алмасуларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Өзара ынтымақтастықты нығайту және алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың күн тәртібін мазмұнды ету мақсатында Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің кезекті отырыстары аясында, сондай-ақ басқа да серіктестік тетіктері шеңберінде жаңа жобалар мен бастамаларды әзірлеудің маңыздылығы айрықша атап өтілді.