Министр Шерзод Шерматовтың айтуынша, 2026 жылдың 27-30 қаңтар күндері үш мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне кибершабуылдар жасалған. Нәтижесінде әлеуметтік желілерде айтылғанындай 15 миллион емес, 60 мыңға жуық азаматтың деректері таралған.

Ресмилердің айтуынша, кибершабуылды жою мақсатында жедел шара көріліп, ақпараттық инфрақұрылымға алдағы уақытта рұқсатсыз кіруге шектеу қойылды, техникалық құрылғыларға қорғаныс құралдары одан әрі күшейтілді.

Сонымен қатар, Бірыңғай идентификация жүйесінде (OneID) қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылып, жеке ақпараттарды иесінің келісімі негізінде басқа жүйелермен бөлісуге немесе шектеуге мүмкіндік жасалған.

Шарада айтылғандай, «жеке деректердің сыртқа шығуы» дегені — бұл азаматтың жеке аккаунты бұзылды деген емес, мұнда негізінен азаматтардың  аты-жөні, туған күні, мекен-жайы немесе телефон нөмірі сияқты мәліметтер алынған болуы мүмкін.

Алаяқ бұл ақпаратты алған соң, оның жеке қатысуынсыз азаматтың атынан ешқандай әрекет жасай алмайтыны баса айтылды. Сондықтан олар қалған деректер жинағын алуға басқа да шабуыл жасау мақсатында әртүрлі әдістерді пайдаланады.