Ташкенттің кей жерлерінде жалға алу бағасы 1000 АҚШ долларынан жоғары

    Болжамдау және макроэкономикалық зерттеулер институтының сарапшылары декабрь айында Ташкент қаласында пәтерлерді жалға алу бағасының өзгеруіне талдау жасады.

    Нәтижелер пәтерлерді жалға берудің орташа бағасы ноябрьмен салыстырғанда өскенін көрсетті, бірақ өсу қарқыны баяулағанын көтсетуде. Атап айтқанда, ноябрьде бағалар октябрь айымен салыстырғанда 4,4 пайызға төмендеген, бірақ декабрьде 3,5 пайызға өскен.

    Бағалар Шайхонтохур (10,6%), Мирабат (3,5%), Юнусабат (3,3%), аудандарда баға өсті. Басқа аудандарда төмендеу байқалған.

    «Айбек», «Ташкент», «Минор», «Ұлы Жібек жолы» метро бекеттері айналасында және Нөкіс көшесінің бойында орналасқан жақсы күтімді пәтерлер 1000 доллардан жоғары жалдау ақысын ұсынады. Чиланзор және Юнусабад аудандарында жалдау бағасы төмен, дәлірек айтсақ, жөндеуден өткен пәтерлерді жалға беру бағасы 400-600 АҚШ доллары шамасында ұсынылады.

    Орташа жөндеуден өткен пәтерлердің ұсынысы салыстырмалы түрде аз және олар негізінен Чилонзор және Юнусабад аудандарында, сондай-ақ Мирзо Ұлықбек даңғылының бойында ұсынылады. Мұндағы пәтерлердің жалдау бағасы негізінен 300-800 АҚШ долларын құрайды.

    Айта кету керек, жалға берілетін қымбат сегменттегі пәтерлер әдетте уақытша жұмыс істеу мақсатында келетін шетелдік азаматтарға ұсынылады және олар инфрақұрылымы ыңғайлы, көлік байланысы жақсы және азық-түлік дүкендеріне жақын орналасқан аудандарда орналасқан.

    Салыстырмалы түрде қолжетімді сегменттегі пәтерлердің көп еместігі және олардың негізінен екі ауданда ұсынылуы жалға беру базарын дамыту қажеттігі бар екенін көрсетеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates