1000 сумдық тиын түріндегі ақша белгісі айналымға шығарылады

    Қаржы 22 Dekabr 2022 3109

    Өзбекстан Республикасының Орталық банкі 2022 жылдың 26 декабрінен бастап номиналды құны 1000 сум болған тиын түріндегі ақша айналымға шығарылатынын мәлімдеді.

    Бұл туралы Орталық банктің ақпараттық қызметі хабарлады.

    Айтуынша, номиналды құны 1000 сум болған тиын түріндегі ақша белгісі 2 түрлі түстің комбинациясынан құралып, ішкі айналасы сары түсті мыс және латун, сыртқы айналасы күміс түсті никель қоспасынан дайындалған.

    Тиын диаметрі – 26,27 мм, ішкі диск диаметрі – 17,6 мм., қалыңдығы – 1,6 мм., салмағы – 7,3 гр.

    Тиынның бет жағында (аверс) Ташкент қаласында салынып жатқан «Ислам өркениеті орталығының» ғимараты бейнеленген.

    Кескіннің төменгі бөлігінде тиын құны «1000» саны мен латын әріптерімен “so’m” сөзі жазылған.

    Тиынның сырт жағында (реверс) ортасында Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сыртқы айналасы баспа латын әріптерімен дөңгелек пішінде “O’ZBEKISTON MARKAZIY BANKI” деген сөздер жазылған.

    Елтаңбаның астында тын үлгісі бекітілген жылы – «2022» саны көрсетілген.

    Тиынның жанындағы жиегі тегіс.

    Өзбекстан Республикасының Орталық банкі ерекше атап өтеді:

    айналымға шығарылған 1000 сумдық монета түріндегі ақша белгілері бүгінде айналымда болған 2001 жылғы үлгідегі 1000 сумдық банкноттармен бірқатарда айналымда болады;

    яғни 2001 жылғы үлгідегі 1000 сумдық банкноттар да төлем қабілеттілігін жоғалтпайды;

    сондай-ақ, жаңа түрдегі осы ақша белгілері қазіргі кезде айналымда болған ақша белгілерімен және тиындармен бірге, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғындар тарапынан өз құны бойынша барлық түрдегі төлемдер үшін ешқандай шектеулерсіз қабылдануы шарт.