Сапар бағдарламасына сәйкес, Ташкент қаласында жоғары
деңгейдегі келіссөздер өтеді, онда көпқырлы Өзбекстан–Чехия ынтымақтастығын
одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.
Өзара сауданы арттыру, машина жасау, «жасыл» энергетика,
химия, фармацевтика және көлік салаларындағы кооперацияны кеңейтуге назар
аударылады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы
ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде
көпжақты алаңдарда өзара қолдау көрсету бағыттары бойынша да пікір алмасу
жоспарланған.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қою
көзделген.
Сапар аясында Премьер-министр Андрей Бабиш Өзбекстан–Чехия
бизнес форумына да қатысады.